Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Nur Otan партиясының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді

2020 жылдың 25 қараша 2020 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тек әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға ғана емес, халықтың өзге де топтарына қолдау көрсетеміз. Партиялық тізімдегі 20 пайыздық квота жас көшбасшыларды қолдаудың нақты тетігіне айналды. Nur Otan қатарына білімді, қайсар және жігерлі жастар қосылды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі, экономиканың барлық секторындағы рөлін күшейту - әлемдік үрдіс екендігін баса айтты.

«Қазіргі уақытта партиялық тізімнің 30 пайызы әйелдерден құралған. Бұл - әйелдер қауымы үшін мемлекет басқару ісіне атсалысуға жол ашатын нақты әлеуметтік мүмкіндік. Партияның белсенді қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді. Бұл мазмұны жағынан мүлдем жаңа құжат болмақ. Кодексте қоғам мен мемлекет арасындағы өзара келісім орнатудың тың тәсілдері көрсетіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай