Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Нұр Отан» өз жұмысында ғылыми негізделген ұсынымдарға сүйенеді - сарапшы

2019 жылдың 27 ақпан 2019 00:13

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы өз саясатын іске асыруда, шешімдерін әзірлеуде және стратегиялық міндеттерін айқындағанда талдаулар мен ғылыми негізделген ұсынымдарға сүйенеді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Асара Мұқанова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының күн тәртібі мен қызметі партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойған міндеттерге байланысты үнемі өзгеріп отырады. «Нұр Отан» партияның барлық мүшелерін жұмылдыра отырып, Мемлекет басшысының көптеген институционалдық реформа жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға белсене қатысады. Барлық реформаларды табысты жүзеге асыру факторларының бірі - нормативтік-құқықтық және заңнамалық базаны жетілдіру болып отыр. Бес институционалдық реформаның әрқайсысы бойынша «Нұр Отан» бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануы туралы бастама көтерді», - деді Асара Мұқанова.

Осылайша, партия «Баршаға арналған заманауи мемлекет» бірінші реформаны жүзеге асыру аясында мемлекеттік және өкілетті органдардың қызметіне жастардың қатысуын кеңейтуді, мемлекеттік қызметшілердің табысы мен мүлкін декларациялау мәселелерін реттеуді көздейтін заңнамалық ұсыныстар әзірледі.

«Тұрақты экономика» бағытында «Нұр Отан» бизнестегі мемлекеттің қатысуын заң жүзінде қысқартумен қамтамасыз ететін жаңа Іскерлік кодексті қабылдау бастамасын көтерді. «Ашық және есеп беретін мемлекет» реформасында партия «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заңдарына заңнамалық нормалар пакетін әзірледі», - деп толықтырды ол.

Сарапшы жағдайды жүйелі және жан-жақты талдаусыз, мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу мен бағалаусыз және қоғамдық қолдаусыз реформаларды табысты жүзеге асырудың мүмкін еместігін жеткізді.

«Сондықтан, «Нұр Отан» өз дамуының жаңа кезеңіне еніп, өз жұмысында сараптауға басымдық береді. Бүгінде шешімдерді әзірлеуде, партия саясатын өңірлерде іске асыруда және стратегиялық міндеттерді айқындағанда партия өзінің талдамалық құрылымдарының байсалды талдауына және ғылыми негізделген ұсынымдарына сүйенеді. Өңірлер мен тұтас елдегі жағдайды жан-жақты және жүйелі түрде талдау «Нұр Отанға» жаңа даму тенденцияларын қалыптастыруға және өзекті проблемалардың ұтымды шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді», - дейді Асара Мұқанова.

Жоғары қарай