Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Норвегия парламентінің өкілі допингті қылмыстық іс қатарына қосуды ұсынды

2020 жылдың 30 қазан 2020 15:51

ОСЛО. ҚазАқпарат – Норвегия парламентіндегі басқарушы консервативтік партия өкілі Петер Фрёлих спортта допинг қолдануды экономикалық қылмысқа жатқызып, заңсыз препараттарды қолданғаны үшін сотталған спортшыларға берілген сыйақыны қайтарып алу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз допингті экономикалық қылмыс деп есептейміз», - деп түсіндірді ол Nationen газетіне берген сұхбатында.

Осылайша, Норвегияның қылмыстық ісіне допинг қосылуы мүмкін. Бұған 2019 жылы Аустрияда шаңғы жарысынан болған әлем чемпионаты кезіндегі дау-дамай себеп болды. Сол кезде бірнеше спортшы допингімен ұсталған.

«Норвегияның полицейлері аустриялық әріптестері секілді әрекетке бара алуы үшін заңға өзгеріс қажет, біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп түсіндірді депутат.

Норвегия заңнамасы Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) ережелеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.


Авторы Ильяс Омаров



Басты сөздер: Еуропа,
Жоғары қарай