Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нидерландыда коменданттық сағат тәртібін бұзғандар жазаланды

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 01:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландыда бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді. Бірінші түні тәртіп бұзған 25 адам қамауға алынды, деп жазады 24.kz.

Урк ауылындағы жастар коронавирусқа тест тапсыратын ғимаратты өртеген. Бұзақылар полицейлерге жанғыш заттар пен тас лақтырып, бірнеше көлікті қиратқан.

Сақшылар бүкіл ел бойынша 3600-ден астам адамға 95 еуродан айыппұл салды. Ал ел астанасы Амстердамда жұрт жым-жырт. Мұнда ойын-сауықтан көз ашпайтын тұтас бір ауданның көшелері бос қалған.

Нидерландыда коменданттық сағат Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл елде 9 ақпанға дейін кешкі сағат 9-дан таңғы 4 жарымға дейін далада бейсауат жүруге болмайды.


Жоғары қарай