Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Netflix Ресейде жұмысын тоқтатты

2022 жылдың 27 мамыр 2022 17:30

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей аумағында Netflix видеосервисінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мобильдік қосымшаға кіру кезінде «Netflix-ке қосылуда қиындық туындады. Әрекетті кейінірек қайталап көріңіз» деген хабарлама шығады.

Ресейлік пайдаланушылар Netflix-тің веб-нұсқасын да қолдана алмайды.

Дегенмен, Netflix видеосервисіне VPN арқылы қосылуға болады.

ТАСС агенттігі РФ аумағында сервиске қосылуда туындайтын қиындықтың себебін түсіндіруді сұрап, Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникация саласындағы бақылау Федералдық қызметіне сауал жолдаған.

Наурыз айының басында Netflix Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты Ресейде жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Сондай-ақ бұған дейін Netflix басшылығы РФ заңнамасының талаптарына қарамастан, компания ресейлік 20 федералды арнаның көрсетілуін тоқтататынын мәлімдеген болатын.


Басты сөздер: Интернет, Украина, Ресей, Әлем,
Жоғары қарай