Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Непалда коронавирус жұқтырған әйел ауруханаға алып бара жатқанда қайтыс болды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 11:34

КАТМАНДУ. ҚазАқпарат – Непалда сенбі күні коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Kathmandu Post-қа сілтеме жасап.

Непалдың денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәлімдемеге сәйкес, сенбі күні кешкісін коронавирус жұқтырған әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Ол осы елдегі Covid-19 алғашқы құрбаны болды.

«Егжей-тегжейлі тексеру мен тест нәтижелері бұның елдегі Covid-19-дан болған алғашқы өлім екендігін дәлелдеп отыр», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің орынбасары Самир Кумар Адхикаридің мәлімдемесінде.

The Kathmandu Post хабарлауынша, 29 жастағы әйел 6 мамырда босанып, келесі күні жағдайы жақсы болған соң перзентханадан шығарылған. Үйіне оралған соң қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған. Оны жергілікті медицина орталығында емдеген. Кейін жағдайы нашарлап, ауруханаға алып бара жатқан жолда көз жұмған. Науқастың ауру белгілері Covid-19 ұқсас болғандықтан, ауруханада мұрны мен тамағынан анализ алған. Барлық анализдер оң нәтиже көрсеткен.

Сенбі күнгі жағдай бойынша, Непалда 281 адам коронавирус жұқтырып, бір адам қайтыс болды.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус, Оқиға,
Жоғары қарай