Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нельсон Манделаның немересі елордадағы Достық үйінде болды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нельсон Манделаның немересі ҚР Тұңғыш Президенті Қорының шақыртуымен елге ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Thembekile Mandela Foundation» қорының президенті Ндилека Мандела ханыммен Достық үйіндегі кездесуді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері ұйымдастырды.

Жүздесуге Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Қазақстан-ОАР» Халықаралық Қорының басшылығы, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері мен Нұр-Султан қаласы әкімдігінің өкілдері шақырылды.




Кездесу барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі бастамалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және оны одан әрі дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.




Сондай-ақ, шара барысында 2021 жылы ОАР-дағы Қазақстан елшілігі шығарған көрнекті ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы «Treatise on the need to strive for an excellent state» кітабының тұсаукесері өтті және Достық үйінің қызметімен таныстыру ұйымдастырылды.





Жоғары қарай