Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Назым Қызайбай әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 17:48

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін, 12 мамырда қазақстандық Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионаты Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатыр. Жарыста қазақстандық Назым Қызайбай (50 келі) колумбиялық Ингрит Валенсияға есе жіберіп қойды.

Назым Қызайбай 1993 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. Бұған дейін әлем чемпионатында 2014, 2016 жылдарда алтын медаль алса, 2012 жылы қола жүлдеге қол созды.

Енді күндізгі сессияда Дина Жоламан (54 келі) испаниялық Мария Мадуэньо Кондемен, Римма Волосенко (60 келі) англиялық Шона Уитуэллмен жекпе-жекке шығады.

Кешкі сессияда Дариға Шәкімова (66 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі.

Әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 боксшы барды.

Олардың қатарынан Аида Әбікеева (63 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай