Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

А.Шпекбаев Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Жоғары қарай