Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Найзағай, жел, дауыл: Ертең үш өңірде күн бұзылады

2020 жылдың 13 шілде 2020 22:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 шілде күні Атырау облысында кей жерлерде түнде найзағай жарқылдап, күндіз шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

14 шілде күндіз Алматы облысында және Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан күшті жел тұрады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

14 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Орал қаласында оңтүстік-шығыстан күшті жел тұрады. Жел қарқыны - 18 м/с.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай