Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Найзағай, тұман, бұршақ: Еліміздің 9 өңірінде күн бұзылады

2020 жылдың 2 шілде 2020 11:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК елдің 9 өңіріне ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында кей жерлерде күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Ескертудің ықтималдығы – 85-90%.

Бүгін Ақмола облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды.

2 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с . Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары болмақ. Ескертудің ықтималдығы – 85-90%.

Бүгін Қарағанды облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаумақ. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады. Ескертудің ықтималдығы – 85-90%.

2 шілдеде Шымкент қаласында күн күркірейді, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Бүгін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

2 шілдеде Қызылорда облысында найзағай ойнап, күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жауады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні – 23-28 м/с.

2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. 15-20 м/с-қа дейін жел соғады.

2 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райының өзгерісіне бақылау жасауға шақырады. Ауа райына қатысты ескерту хабарламаларын елеп, қажетті сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.


Жоғары қарай