Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Найзағай, бұршақ, тұман: 6 шілдеге арналған ауа райы

2020 жылдың 6 шілде 2020 01:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 6 шілде күні ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Циклонның әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Елдің қалған аумағы жоғары атмосфералық қысым аймағында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейді, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел екпіні 16 м/с жетеді.

Жамбыл, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Ауа райы,
Жоғары қарай