Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Наурызда депозиттерді долларландыру деңгейі 36,9 пайыз деңгейінде қалыптасты

2021 жылдың 12 мамыр 2021 11:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың наурызында депозиттерді долларландыру деңгейі 36,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 23,4 трлн теңгеге дейін 5,8 пайызға, оның ішінде ұлттық валютада – 6,5 пайызға немесе 14,8 трлн теңгеге дейін 896,1 млрд теңгеге, шетел валютасында – 4,8 пайызға немесе 8,6 трлн теңгеге дейін 392,5 млрд теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2021 жылғы наурызда 36,9 пайыз деңгейінде қалыптасты»,- деді Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, 2021 жылғы қаңтар-наурызда заңды тұлғалардың салымдары 11,9 трлн теңгеге дейін 5,3 пайызға, жеке тұлғалар салымы 11,5 трлн теңгеге дейін 6,4 пайызға ұлғайды.

«Кредиттік портфель осы жылдың басынан бастап 1,2 пайызға немесе 169,6 млрд теңгеге ұлғайып, биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14,8 трлн теңгені құрады. Экономиканың нақты секторына кредиттік ресурстардың құны өткен жылғы наурыздағы 12,5 пайызбен салыстырғанда 11,5 пайызға дейін төмендеді», - деді Ұлттық банк төрағасы.


Жоғары қарай