Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Наталья Годунова Президентке Токио Олимпиадасына бөлінген қаражатты пайдалану туралы баяндады

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемиямен күреске бөлінген 521 миллиард теңге көлеміндегі қаражаттың жұмсалуына жүргізілген тексерудің алдын ала нәтижелері ұсынылды.

Атап айтқанда, аталған аудит аясында модульді ауруханалардың құрылысына, жұқпалы аурулар стационарларын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтауға бөлінген қаржы, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын сатып алу шығындары тексерілді.

Сонымен қатар Наталья Годунова Президентке Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының дайындығына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы баяндады.

Спорт комитетінде жүргізілген тексеріс барысында дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы іс-шараларға, оның ішінде 2020 жылғы Олимпиадаға дайындыққа және оған қатысу үшін жұмсалған 125 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға аудит жүргізілген.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді.



Жоғары қарай