Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 11:44

ВАШИНГТОН. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – НАСА ғарыш агенттігі ұсынылған төрт миссияның ішінен екеуін мақұлдауы мүмкін. Оның ішінде Шолпан планетасы да бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл планетадан тіршілік іздерін анықтауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Халықаралық зерттеушілер тобы Шолпанның қышқылды бұлттарында болуы мүмкін микробтар жайлы айтты. Оған дәлел – фосфиннің қалдықтары (жердің оттегі жоқ ортасында бактериялар шығаратын газ). Мұндай дерек тіршіліктің планетамыздан тыс жерде де бар екендігінің мысалы бола алады. Ақпан айында ғарыш агенттігі ұсынылған 4 миссияны таңдады, олар қазіргі уақытта қарастырылуда. Екі миссия Шолпан планетасына автоматты зондтарды жіберуді қарастырады. Олардың бірі DAVINCI+ деп аталады және ол Шолпан планетасының атмосферасын зерттейді.

Дэвид Гринспун – DAVINCI+ миссиясымен жұмыс істейтін астробиолог Davinci миссиясы Венераның атмосферасын ішінен қарап, онда не болып жатқанын білуге мүмкіндік беретінін айтты. Қалған үш ұсынысқа IVO – Юпитердің Ио жанартау спутнигіне бару миссиясы; Trident – Нептунның ең үлкен спутнигі Тритонды айнала ұшу және VERITAS миссиясы – геологиялық тарихты зерттеу үшін Венераға бару ұсынылған екінші миссия. НАСА бір немесе екі миссия мақұлдануы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Күн жүйесіндегі тіршілік іздерін табу әрекеттерінде Шолпан планетасы қарастырылмағаны айтылды. Осы жылдың шілдесінде НАСА Марс планетасында ықтимал тіршіліктің іздерін табу үшін жаңа буын планетасын іске қосты делінген.

НАСА әкімшісі Джим Брайденстайн Шолпанға назар аударатын уақыт келді дейді. Ол сондай-ақ миссияларды іріктеу процесі адал және әділ өтетініне сенім білдірді.


Басты сөздер: Әлем, Ғарыш, Ғылым,
Жоғары қарай