Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

НАСА супер зымыранының фотосуреттері алғаш рет жарияланды

2021 жылдың 13 маусым 2021 10:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – НАСА америкалық ғарыш агенттігі алғаш рет әлемге өзінің астронавтары осы онжылдықта Айға ұшатын аса ауыр зымыранын толық жинап, көрсетті,деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығының инженерлері супер зымыранның барлық үш негізгі элементін бірінші рет біріктіре отырып, Space Launch System (SLS, Ғарыштық ұшыру жүйесі) зымыранының 65 метрлік негізгі сатысын екі үдеткіштің арасына түсірді.




NASA биыл осы зымыранның алғашқы ұшырылымын жоспарлап отыр.

«Артемида-1 миссиясы» деп аталатын бұл ұшырылым барысында SLS зымыраны жаңа буындағы «Орион» ғарыш кемесін айға апарады. Онда астронавттар болмайды: NASA алдымен бүкіл жүйені ұшқышсыз режимде сынап көргісі келеді, содан кейін ғана 2023 жылы оны борттағы адамдармен бірге ұшырады.





Басты сөздер: Әлем, Ғарыш,
Жоғары қарай