Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

NASA ғалымдары Марстан таңғажайып сигналдарды тіркеген

2019 жылдың 2 қазан 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) ғалымдары Марста таңғажайып сигналдарды аулаған, олардың кейбіреулері сейсмикалық құбылыс болса, басқалары құпия болып отыр. Бұл туралы Sky News жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«NASA-ның Марста жүретін құрылғысы InSight өткен жылы қарашада қызыл ғаламшарға барып, сәуірде алғашқы сейсмикалық шуылды тіркеді. Оны NASA «тыныш, бірақ анық дірілдеу» деп сипаттады», - делінген хабарламада.

Сейсенбі күні жарияланған аудиотаспаның үлгілері InSight сейсмометрі анықтаған 100 жаңалықты қамтиды. Алайда, олардың ішінде тек 21-і «марстың дірілдеуі» ретінде – Марстағы жер сілкінісі екені анықталды.

Ғалымдар марстың дірілдеуін зерттеп, құпия шуылдың неден болғанын анықтауға үміттеніп отыр.

Басты сөздер: Ғылым, Әлем,
Жоғары қарай