Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Нартай» фильмінің саундтрегін мен жазған жоқпын - Ақтоты Райымқұлова

2021 жылдың 14 мамыр 2021 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова режиссер Гүлнәр Сәрсенованың «Нартай» фильміне қандай қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері Мәдениет және спорт министрінен «Нартай» фильмінің саундтрегін жазғаны үшін қанша қаламақы алғанын сұрады.

Ақтоты Райымқұлова әуелі өзінің министр лауазымымен бірге ғылыми және шығармашылық істермен айналысуға құқылы екенін еске салды.

«Мемлекеттік қызмет туралы заңның баптары бойынша мемлекеттік қызметшілер педагогикалық, ғылыми және шығармашылық жұмыстармен айналысуға құқылы. Мысалы, сіздер журналист болып жүріп, министрлікке тағайындалсаңыздар немесе мелекеттік қызметке келсеңіздер, өз мамандығыңыз бойынша журналистік жұмысыңызды тоқтатпайтын шығарсыздар. Сол сияқты мен музыка саласының маманымын», - деген министр «Нартай» фильмін түсірушілерден ешқандай қаламақы алмағанын мәлімдеді.

«Композитор ретінде көп шығарма жаздым. Бірақ «Нартай» фильмінің саундтрегін жазуға ұсыныс кезінде түскен болатын. Мен одан бас тарттым және қабылдамадым. Сондықтан ешқандай қаламақы алған жоқпын, музыкасын да жазған жоқпын. Бұл – жалған ақпарат», - деді Ақтоты Райымқұлова


Жоғары қарай