Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нариман Мұқышев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

2020 жылдың 7 шілде 2020 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Нариман Нұрланұлы Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нариман Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирель атындағы университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014 жылғы қараша айынан бастап 2018 жылғы маусым айына дейін «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. 2018 жылғы маусым айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.


Жоғары қарай