Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында атыс болды

2021 жылдың 9 мамыр 2021 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында болған атыс салдарынан кем дегенде үш адам қайтыс болды. Бұл туралы сенбі күні NBC телекомпаниясы полицияға сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын «екі адам зардап шекті» деп хабарланды. Құқық қорғаушылардың соңғы деректеріне сай, зардап шеккендер қатарында екі әйел және бір бала бар. Олар ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Күдікті ер адам жасырынып үлгерді. Полиция оқиғаны зерттеуде. Алдын ала деректер бойынша, атысқа бірнеше ер адам арасындағы ұрыс себеп болған. Олардың біреуі қаруланған болып шықты. NBC құқық қорғаушылардың қолында күдіктінің суреті бар екенін айтады.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио Twitter-де қалаға «заңсыз қарулардың әкелінуін тоқтату керек» деді. Оның айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы қалыпты. «Полиция мұндай мәнсіз зорлыққа барған адамды іздестіруде, әділдік орнайды», - деді мэр.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай