Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 07:50

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте метро пойызы жолға тасталған белгісіз затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат abc телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Келеңсіз жағдай Манхэттеннің Челси ауданында жексенбі күні таңертең, шамамен 08:15-те болған.

135 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Солтүстікке бағыт алған пойыз 14St-8th Av станциясынан шыққан бетте пойыз жол полотносында жатқан затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен», - деп мәлімдеді Нью-Йорк қаласы Көлік басқармасының уақытша басшысы Сара Файнберг.

Алдын ала деректерге қарағанда, апатқа байланысты 30 жастағы үйсіз адам ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, ол метродағы жолға қоқыс тастаған.


Басты сөздер: АҚШ, Оқиға,
Жоғары қарай