Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мызғымас бауырластық: Қазақстандық әскерилер Тәжікстанда оқу-жаттығуда жүр

2019 жылдың 26 қазан 2019 11:53

ТӘЖІКСТАН. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығуы Тәжікстанның «Харб-Майдон» полигонында өтуде. Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысатын екінші кезең басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә скери қызметшілер Тәжікстандағы ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» оқу-жаттығуларына қатысады.

Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, соның ішінде бітімгершілік ротасы, ӘҚК Әскери-әуе күштерінің барлығы 73 әскери қызметшісі, сондай-ақ орналасу әуеайлақтарынан оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын Су-30СМ жойғыш звеносы қатысады.




Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері таулы-шөлді жерлерде бітімгершілік контингенттерін тағайындау жөніндегі міндеттерге дайындайды және бейбітшілікті қолдау бойынша бірлескен операция өткізеді.




Практикалық іс-қимылдар барысында әскери қызметшілер жергілікті жерді патрульдеуді, бақылау-өткізу пункттерінде қызметті ұйымдастыруды, жеке құрамның колонналарды алып жүру кезіндегі іс-қимылын, елді мекенді оқшаулауды және жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындауды пысықтайды.

Қатысушылар бірлескен жұмыстың әдісі мен тәртібін зерттеді. Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-майор Вячеслав Гуров бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны өткізуге ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын алды.




«Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығуы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2019 жылға арналған бекітілген жоспары аясында өтуде.

Жоғары қарай