Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Мюнхен конференциясы: Мемлекет басшысы өңірлік қауіпсіздік бойынша сөз сөйлейді

2020 жылдың 14 ақпан 2020 21:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Рәсім барысында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Франция Президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы конференция асында өтетін панельдік пікірталаста өңірлік қауіпсіздік мәселесі бойынша «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында өзінің ой-пікірін ортаға салады.


Жоғары қарай