Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мысырда 11 жасар қалыңдық пен 12 жастағы күйеу жігіттің ата-анасы қамауға алынды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 08:38

КАИР. ҚазАқпарат – Мысыр елінің Қауіпсіздік күштері 11 және 12 жастағы балаларын үйлендірмек болған ата-аналарды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Каир қаласынан 30 шақырым жерде тұратын кәмелеттік жасқа толмағандарды үйлендіру жайлы жұртқа белгілі болған, бұл жағдайға билік араласты.

Балаларды үйлендіру туралы зергерлік дүкен иесінің Facebook әлеуметтік желісіне күйеу жігіттің жас қалыңдыққа үйлену алдында болашақ әйеліне сыйлауы тиіс алтын бұйымдарын сатып алғаны туралы ақпарат салғаннан кейін белгілі болған. Алтынды ұл баланың ата-анасы сатып алған. Екі отбасының алдағы құдалығын атап өту салтанатын кенеттен келіп жеткен полиция бұзды.

Мысырдың Ана және бала мәселелері жөніндегі Ұлттық кеңесінің Бас хатшысы Сахао ас-Санбатидің айтуынша, «аталған оқиға Мысыр Конституциясының балаларды қорғау жөніндегі 80-ші бабын бұзушылық болып табылады және балаларды зорлау немесе оларға қатыгездік жасау жағдайында мемлекеттің араласуын қарастырады». Енді олардың ата-аналары сот алдында жауап береді.


Басты сөздер: Әлем, Қоғам,
Жоғары қарай