Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мурата Головкиннің кәсіби шеберлігіне өз бағасын берді

2022 жылдың 10 сәуір 2022 22:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі екен, себебі ол ұрғанда әр тұстан қиғаштай соғады. Және соққысының ауырлығын да сезіндім», - деді Мурата.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Риота Муратаны 9-раундта нокаутқа түсіріп, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.

Геннадий Головкиннің қарсыласын нокаутқа жіберген сәті бейнеленген видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Оның келесі жекпе-жегі қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) болады.


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай