Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұрат Әуезов: Абай - қазақ мәдениетінің реформаторы

2020 жылдың 10 тамыз 2020 15:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов Абай күнін атап өтудің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қиын-қыстау кезеңдерде халық Абайдың әндерін орындап, сөздерін жүректерінде сақтады, оның сөздері, әндері халықпен бірге болды. Абай –ұлы адам, ол халықтың құтқарушысы, өйткені XX ғасырдың басындағы ауыр кезеңді өткерген «Зар заман» ақындары да осы аталған ғасырдың қиын болатынын сезді. Абай да білді, оның кемеңгерлігі сол, ол халықтың мәдениетін, тілін, әдебиетін, дінін сақтап қалуға жол таба білді»,– деді Мұрат Әуезов.

Оның айтуынша, Абай мен оның шығармашылығы таза, мөлдір бұлақ сияқты, құрғақ шөп пен қатты топырақты да қайта жандандырады.

Абай Құнанбаев – қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы, қазақ мәдениетінің реформаторы және оның алғашқы классигі.

Еске салайық, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-10-tamyz-abay-kuni-bolyp-belgilendi_a3680165


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: #Аbai175, Алматы,
Жоғары қарай