Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұрағатты күзету полицияға жүктеле ме

2020 жылдың 24 қараша 2020 17:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңірлік мұрағаттарды күзетуге лицензияланған күзет ұйымдарын тарту тәжірибесін жалғастырған дұрыс. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні 5 республикалық мұрағат (ҚР Ұлттық мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағат, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты, Ұлттық қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар орталығы) мемлекеттік күзетпен қамтамасыз етілген. 200-ден астам өңірлік мемлекеттік мұрағат лицензиясы бар күзет ұйымдарымен немесе олардың штаттық қызметкерлерімен күзетіледі», - деді Асқар Мамин.

Осы орайда Үкімет басшысы жергілікті мұрағаттарды мемлекет күзететін нысандар тізбесіне қосу полиция қызметкерлерінің айтарлықтай санын тартуды талап ететіндігіне назар аудартады.

«Мұндай қадам ішкі істер органдарын реформалау үшін жүргізіліп жатқан міндетке қарама-қайшы келеді. Аталған міндеттің бірі полицияны ведомстволық күзет қызметінен босату саналады. Осыған орай, өңірлік мемлекеттік мұрағаттарды күзетуге лицензияланған күзет ұйымдарын тарту тәжірибесін жалғастыру мақсатқа сай келеді деп есептеймін», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай