Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мұнай өндірісіндегі қазақстандық мердігерлердің үлесі қандай

2021 жылдың 10 мамыр 2021 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұнай өндірісіне қызмет ететін компанияларға берілетін тапсырыстың неше пайызын отандық мердігерлер игеріп отыр? Редакцияның бұл сауалына Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнай өндірісіне қызмет етуші отандық мердігерлердің тапсырыс алуда шектеулерге тап болатыны көп айтылады. БАҚ-та шетелдік инвесторлардың қазақстандық сервис компанияларына құны 100 млн доллардан асатын тапсырыстарды бермейтінін, тіпті ондай жобалардың конкурсына қатысуға заңмен шектеу қойылғаны жазылып жүр. Бұл қаншалықты рас екенін білу үшін ҚазАқпарат редакциясы тиісті водемствоға сауал жолдаған болатын.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы сатып алу көлемі 5,43 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесінің орташа салалық көрсеткіші – 2,51 трлн теңге», - деп жазады министрлі мамандары. Бұл бір жылдағы сатып алудың 46%-ы деген сөз.

Ресми жауапта отандық жеткізушілер мен сервистік компаниялардың үлесіне тиген тапсырыстардың ақшаға шаққандағы көлемі салалар бойынша жіктеп берілген.

Былтыр мұнай алпауыттары 831,17 млрд теңгенің тауарын сатып алса, соның 163,56 млрд теңгесі немесе 19,68%-ы жергілікті компанияларға тиген.

2,1 трлн теңгенің жұмысы орындалса, оның 1,44 трлн теңгесін немесе 51,29%-ын отандық компаниялар игерген.

1,79 трлн теңгеге қызметтер көрсетілсе, соның 900,7 млрд теңгесін немесе 50,3%-ын қазақстандық мұнайшылар игерген.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Мұнай, Энергетика,
Жоғары қарай