Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Мұнай 25 доллар болса да, отандық компаниялар қызметкерлерін жұмыссыз қалдырмайды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұнай баррелі 25 доллар болса да, отандық компаниялар қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешегі Президенттің үндеуі – бұл көп жағдайда ел экономикасының тірегі болып саналатын жұмысшы мамандық иелеріне үндеу. Себебі салық төлейтін, қосымша құн беретін, сұранысты қамтамасыз ететін сіздер. Бүгінде еліміздегі өңдеу және тау-кен өндірісі мекемелерінде 700 мың адам еңбек етеді. Үкімет жүз пайыз жұмыспен қамту және өндіріс көлемін сақтау бойынша қажетті шараларды жасауда», - деді министр.

Оның дерегінше, мұнай-газ саласында 1355 компания жұмыс істейді, оларда 200 мыңнан астам адам қызмет жасайды.

«Тіпті, мұнай баррелінің құны 25 доллар болса да, бұл компаниялар ағымдағы шығындарын жауып, қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Яғни, мемлекет табыс табуға емес, азаматтарын жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр», - деді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай