Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мүмкіндігі шектеулі жандар пойыз билетін онлайн сатып ала алады

2020 жылдың 30 маусым 2020 08:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық тасымалдаушы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған темір жол билетін онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатынд 26 маусымнан бастап «BBILET.RAILWAYS.KZ» сайты арқылы барлық топтағы мүгедектерге арнап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен жол жүру құжатын онлайн ресімдеу қызметін іске қосты.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар, багаж, жүк пен почта жөнелтілімдерін тасымалдау» ережесінің 17-тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар қатынастарға жол жүретін барлық топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға билет құнынан 50% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Оны жеңілдікпен онлайн ресімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының билет кассасынан «Мейірім» электронды дисконт картасын алып, картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі тиіс. Жолаушы клиенттер базасына тіркелген соң үйден шықпай-ақ билетті онлайн сатып ала алады» деп мәлім етті компания.

Пойызға отыру және жол жүру кезінде жолаушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттарының түпнұсқасы болуы тиіс.


Жоғары қарай