Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлығына ЭЦҚ алу қажет

2020 жылдың 27 қазан 2020 03:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңа жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған барлық қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын сатып алу электрондық форматқа көшеді деп жоспарлануда. Әлеуметтік қызметтер порталында оларды өз бетінше сатып алу қажет. Ол электрондық цифрлық қолтаңба болуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы әкімдігінің онлайн режимінде өткен аппарат кеңесінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесі талқыланды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова хабарлағандай, биыл осы мақсаттарға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыру ұлғайтылды. Оңалту құралдарына мұқтаж адамдар үшін сурдо- және тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар сатып алынды. Гигиеналық құралдар да беріледі.

Шипажай-курорттық емдеуді 4 119 адам пайдаланды, жыл соңына дейін тағы 476 адам жолданатын болады. Жеке көмекшінің қызметін 3 069 адам, ымдау тілі маманының қызметін - 518 адам алды.

Қарқаралыда мүгедектерге арналған оңалту орталығы жұмыс істейді. Облыстың тоғыз өңірінде жергілікті бюджеттен инватакси қызметі қаржыландырылады.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық өңірлерде инватаксиге қаражат бөлуді тапсырды. Ол сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инфрақұрылымды қамтамасыз етпесе, жаңа нысанды қабылдамауды талап етті.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту - бұл біздің маңызды міндетіміз. Біз өзіміздің барлық әлеуметтік міндеттемелерімізді орындап, оларды толық көлемде қаржыландыратын боламыз», - деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуын арттыру идеясын ортаға салды.

«Бүкіл өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жұмыс нашар жүргізілуде. Біз мұны жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп талқыладық. Жұмыспен қамтудың жол картасы, шағын несиелеу бағдарламасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмыс орындары құрылатын жобаларды қаржыландыруды ұсынамыз», - деді ол.

Кеңеске облыс әкімінің ерекше қажеттіліктері бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нияз Сүндиталиев қатысты. Ол қолжетімді орта құруға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қамқоршылық кеңестердің қызметіне қатысты ұсыныстар берді.

Осындай кеңесшілер қалалар мен аудандардың барлық әкімдерінде пайда болады. Сегіз өңірде олар тағайындалған.

Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар 67 мыңнан астам адам тұрады, олардың 5 404-і кәмелетке толмағандар.


Жоғары қарай