Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасау мерзімі ұзартылады – Серік Шәпкенов

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 10:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүмкіндігі шектеулі балалар тұрғын үй кезегіне тұру құқығына қатысты жаңа норма енгізіледі. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында тиісті заң жобасын қарау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылады.

«Құжатта мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді», - деді Серік Шәпкенов.

Бұдан басқа, заң жобасы аясында мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 16-дан 18 жасқа дейін ұзарту ұсынылды. Бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсерін тигізеді.


Жоғары қарай