Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты

2021 жылдың 23 шілде 2021 13:26

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Жұма күні түнде Мумбайдағы тұрғын үй құлап, жеті адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алған. Бұл туралы ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полицияның мәліметіне сәйкес, оқиға қаланың шығысындағы Гованди ауданында болған. Үйдің қирауына қатты нөсерден туындаған су тасқыны мен балшық ағындары себеп болған. Бір тәулік ішінде қалада 380 мм-ге жуық жауын-шашын түсті.

Шілде айының ортасында Үндістанның Батыс жағалауында, соның ішінде Мумбайда күшті муссондық нөсер маусымы басталды. 19 шілдеде Шамбур, Вихроли, Бхандпур аудандарында сел мен су тасқынынан туындаған ғимараттардың құлауынан Мумбайда 33 адам көз жұмды. Қаланың ойпатты аудандары су астында қалды.

Билік ұлттық әскери-теңіз күштерінен құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек сұрады. Елдің батыс Әскери-теңіз қолбасшылығы құтқару топтарын жұмылдырды және азаматтық әкімшілікке көмек көрсету үшін әскери тікұшақтарды тартты.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай