Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мозамбиктегі сұрапыл дауыл: 4 мың үй қирап, 160 мыңнан астам адам зардап шекті

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 20:35

БЕЙРА. ҚазАқпарат – Элоиза дауылы жайпап өткен Мозамбиктің орталық бөлігіндегі бірқатар аудандар және портты қала Бейра су астында қалды. Сұрапыл желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС- ге сілтеме жасап.

Мозамбик Ұлттық метеорология институтының (INAM) мәліметіне қарағанда, Бейрада 24 сағаттың ішінде 250 мм нөсер жаңбыр жауған.

Жергілікті билік пен агенттік зардап шеккендерге көмектесу үшін келген шығынның мөлшерін есептеуде және жарықсыз қалған бірнеше ауданда электр желісін және байланыс жүйесін қалпына келтіруге әрекеттенуде.

Жергілікті биліктің айтуынша, төрт адам қаза тапқан.




Мозамбикің екінші қаласы Бейраның тұрғындары да үйлерін судан тазартып жатыр.




















Ұлттық институттың өкілі Антонио Белезаның айтуынша, мың үй тұтастай қираған, тағы үш мыңы қатты бүлінген. Сондай-ақ 160 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Дауыл ағаштар мен электр бағандарын құлатып, жарнама қалқандарын ұшырып әкеткен.

Осы аумақтағы бірнеше өзен арнасынан асты. Мозамик орталығындағы аудандар су астында қалды.





Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай