Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Moody's Қазақстанның кредиттік рейтингін көтерді

2021 жылдың 11 тамыз 2021 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Moody's Қазақстанның рейтингін Baa3-тен Baa2-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты». Рейтингтің көтерілуі Қазақстанның мемлекеттік қаржысы мен кредиттік бейінінің Baa2 рейтингінің деңгейі елдеріне сәйкес келетін орнықтылықты көрсетуімен байланысты.

Ел активтерін пайдалану көлемі мен тиімділігі, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, сондай-ақ Үкіметтің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларының тиімділігі рейтингті арттыруға мүмкіндік берген факторларға айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Moody's контрциклдық бюджет саясатын жүргізу тиімділігін оң бағалады, ол 2020 жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің қысқаруын шектеуге мүмкіндік берген еді. Агенттік Қазақстан экономикасы 2021 жылы 3,5-4%-ға және 2022 жылы 4-4,5%-ға өседі деп күтуде. Moody's бағалауы бойынша Қазақстандағы жалғасып жатқан институционалдық және экономикалық реформалар елдің мемлекеттік басқару жүйесін нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыра алады.

«Қазақстан рейтингі жоғарылаған әлемдегі бес елдің біріне (қамтылған 144 елдің ішінде) айналды. Биылғы жылдың басынан бері Moody's-тің рейтингтік әрекеттерінің 15%-дан кемі рейтингті көтерумен немесе оң болжам жасаумен байланысты болды»,-делінген хабарламада.



Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Экономика,
Жоғары қарай