Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мониторинг тобы неге Алматыдағы «барахолка» базарын тексермейді

2020 жылдың 26 қазан 2020 17:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «барахолка» базарын неге тексеруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистер онлайн брифинг барысында мониторинг топтары неге тек кафелер мен мейрамханаларды тексеріп, «барахолкада» тексеру жүргізбейтінін сұрады.

«Бұл нысандар тексерілмейді емес, тексеріледі. 1,5 ай бұрын бір жерде жақын орналасқан базарларға 1 млн теңге айыппұл салынды. Алайда эпидемиологиялық талдауларға сенсек, инфекцияның 37% жабық жерлерде таралады. Түнгі клубтарда адамдар 5-6 сағат жабық жерде жақын отырады. Ал базарға барсақ, сатушының алдында ұзақ тұрмаймыз. Затымызды алып, кете береміз», - деді ол.

Айта кету керек, 24 қазанда Алматыда мониторинг топтары 59 нысанды тексеріп, 11 нысанда карантин талаптары бұзылғанын анықтады.

Жоғары қарай