Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мониторинг тобы Қызылорда дәріханаларына тексеру жүргізді

2020 жылдың 13 шілде 2020 18:54

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті №6, №4, №1 қалалық емханаларда, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасына және қаланың 24 дәріханасында мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.

«Мониторингтің 4 күнінің қорытындысы бойынша №6, №4, №1 қалалық емханалар жоғарыда көрсетілген нозология бойынша МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілгені анықталды. Қазіргі таңда 24 дәріхананың бірнеше дәріханасында кейбір дәрілік заттар жоқ, дегенмен дәрілік заттар күн сайын жеткізілуде», - деп атап өтті бөлім басшысы.

Мониторинг тобының жұмысы 31 шілдеге дейін жалғасады.


Басты сөздер: Қызылорда облысы, Медицина,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920