Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Моңғолияда бубон обасынан алғашқы өлім тіркелді

2020 жылдың 14 шілде 2020 20:02

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Уланбатырда жүргізілген зертханалық талдау Моңғолияның оңтүстік-батысындағы Говь-Алтай аймағында 15 жасар жасөспірім бубон обасынан қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

«Дүйсенбі күні кешке ПТР-тест нәтижесі 15 жастағы бозбаланың өліміне бубон обасы себеп болғанын көрсетті», - деді Моңғолия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Д.Нарангерель.

Жасөспірім өткен жексенбіде ауруханаға келе жатқан жолда көз жұмды. Қайтыс боларынан үш күн бұрын ол достарымен бірге суыр етінен жасалған тағам жеген.

Екі досы мен байланыста болған 15 адам оқшауланып, ауруханаларда ем алып жатыр.

Өлім тіркелуіне байланысты Моңғолияның Говь-Алтай провинциясының бес сомонында жексенбі күні карантин енгізіліп, көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұған дейін Ховда аймағында (Батыс Моңғолия) бубон обасын жұқтырған екі адам анықталған болатын.


Автор: Руслан Сүлейменов


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай