Ауа райы
Нұр-Сұлтан 1 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Моңғолия қазақтары малға шапқан қар барысына тиіспей, түзге қоя берген

2019 жылдың 5 наурыз 2019 18:36 1432

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның Баян-Өлгей ауданында малға шапқан қар барысын мамандар тексеріп, қайтадан түзге қоя берді. Бұл туралы фейсбук парақшасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің қар барысын ұстап алғаны туралы видео тарап кеткенін, қазіргі уақытта материал зерттеліп жатқанын жазған еді. Фейсбукте тараған видеода қазақ тілінде сөйлеген бір топ адамның қар барысын ұстап алғаны көрініп тұр. Осыған байланысты оқиға Қазақстанда болған деген болжам пайда болған еді.

Бүгін Сәкен Ділдахмет желіде тараған аталмыш видеоның мән-жайы анықталғанын жария етті.

«Моңғолиялық Саян ТВ телеарнасы аталған жағдай бойынша арнайы репортаж жасапты. 2019 жылдың ақпан айының соңында қазақтар тұратын Моңғолияның Баян-Өлгей ауданында қар барысы малға шауып, ақыры ұсталып қалған. Алайда түз тағысын ешкім өлтірмей, сарайға қамап, табиғат қорғаушыларға хабар берген. Мамандар қар барысының жағдайын бағамдап, түзге қайта қоя беріпті. Моңғолиядағы қазақ бауырларымызға бұл ерлігі үшін мың да бір алғыс. Біздің азаматтар үшін бұл үлгі. Моңғолияда жергілікті тұрғындар қар барысына өте қамқор», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.  

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Экология, Қандастар,
Жоғары қарай