Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министрліктер мен әкімдіктердің сайты істен шықты

2021 жылдың 22 қазан 2021 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл деректі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы да растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы жобасының дұрыс жұмыс істемеуін жою жұмысы жүргізіліп жатыр. Ақауды жою үшін жұмыс істеудеміз. Уақытша қолайсыздық келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2020 жылдың 24 маусымында 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) көшкен болатын. Осылайша, МО ИРБП мемлекеттік органдардың барлық сайттарын біріктіріп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды.
Жоғары қарай