Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Министрлік тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы түсінік берді

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов еліміздегі тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіпсіздік барысында 7 аңшылар дүкеніне шабуыл жасалып, тоналды. Олардан 1 564 азаматтық қару ұрланды», - деді С. Әділов

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы лаңкестік актілер себептерін және ұйымдастырушыларын анықтау бойынша тергеуді Бас прокуратураға тапсырды. Осыған байланысты, аталған санаттағы және онымен байланысты барлық қылмыстық істер арнайы прокурорлар басшылық ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының іс жүргізуіне берілді. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізуде»

«Осы қылмыстардың негізгі үлесін, яғни 70 пайызын немесе 1 356-сы негізінен тәртіпсіздіктерден туындаған хаос процесінде Алматы қаласының сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істерді құрайды. 127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша, тағы 30 іс оларды ұрлау фактілері бойынша тергелуде. Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12-сі автокөлікті айдап кету, 24-і – қарақшылық және тонау, 23-і құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану әрі олардың өміріне қол сұғу фактілері бойынша тіркелді», - деді Тергеу департаментінің бастығы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, тәртіпсіздік кезінде зақым келген нысандар мен көліктер саны белгілі болды.

Сонымен қатар, қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және оларды заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды.


Жоғары қарай