Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Министрлік паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді

2022 жылдың 23 мамыр 2022 11:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің көші-қон қызметі төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған Instagram желісінде тараған видео себеп болды. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады»,- деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.

«Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар мен жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», - дейді ол.

Сондай-ақ, брифингте төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні айтылды.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: ҚР ІІМ,
Жоғары қарай