Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Министрлік медициналық сақтандыруға қатысты фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова елімізде күшіне енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Whats App-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Whats App мессенджері арқылы денсаулық сақтауға қатысты жаңа кодекстің қабылданғаны туралы хабар тарап жүр. Аудиофайлмен таратылған ақпаратта міндетті түрде келісімге отыру керектігі айтылады. Бұл жалған ақпарат екенін айтқымыз келеді. Аудиофайлды тыңдасаңыз, әңгіме Ресей Федерациясы және медициналық сақтандыруға қатысты федералды заңнама туралы айтылып отырғанын ұғасыз. Біздің заңнамаға оның түк қатысы жоқ», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы мессенджерлер арқылы тараған бұл ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Бұл хабарламаларды таратқан адамдарды жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінеміз», - деді ол.


Жоғары қарай