Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Министрлік қытайлық вирус «жұқтырған» банандар туралы ақпаратты теріске шығарды

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров әлеуметтік желідегі қытайлық вирус «жұқтырған» банандар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр. Әсіресе, банандар арқылы коронавирусты жұқтыруға болатыны жазылған. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдегіміз келеді», - деді вице-министр СҚ «Фармация» алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ресми дереккөздерге ғана сенім артқан жөн.

«Бұл мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құзырлы органдарға жүгінді. Кінәлілерді тауып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылғанын қалаймыз. Қылмыстық кодекс аясында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудың заңмен қудаланатынын еске салғымыз келеді», - деді К. Надыров.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ухан қаласынан Алматы әуежайына қонған ұшақ туралы пікір білдірген еді.



Жоғары қарай