Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Министр журналистердің карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді

2020 жылдың 27 наурыз 2020 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантиннің күшейтілген режимінде БАҚ редакцияларына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнайы бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына айтарымыз, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистің өзімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма туралы анықтама болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен бірге, министр карантиннің күшейтілген режимінде тұрғындардың ауруханаға бара алатынын жеткізді.

«Дәрігерге көрінуі керек азаматтар ауруханаға бара алады. Бұл дәлелді себеп болып саналады», - деді Д. Абаев.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

Сонымен бірге, Дәурен Абаев күшейтілген карантин режиміндегі көшеде жүру талаптарын түсіндірген еді.

Жұмысқа шақырғанды растау үшін тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерінің телефон нөмірі болған жөн.

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығады.



Жоғары қарай