Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр ұшақ апатынан зардап шеккендерге төленетін материалдық көмек туралы айтты

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 11:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңында «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккендердің еміне кеткен шығындарын кім төлейтіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Емдеу тегін болады. Себебі бұл шұғыл жағдай. Ол медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді», - деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, ол зардап шегуші азаматты емделуден кейін сауықтыруға байланысты барлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетіндігін атап өтті.

«Бұл пациенттердің барлығын бақылауда ұстаймыз. Психологтар көмегінің мұнан ары да жалғасқаны маңызды. Материалдық көмекке қатысты айтар болсақ, оны кімге қанша және қандай көмек көрсету керектігін жергілікті атқарушы органдар шешеді», - деді министр.

Бұған дейін ұшақ апатынан зардап шеккен 3 адамның ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай