Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр: Үкіметтің жаңа өкілеттіктері – қажетті шара

2020 жылдың 19 наурыз 2020 22:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайдағы Үкіметтің жаңа өкілеттіктері – қисынсыз әрекет емес, қажетті шара. Бұл пікірді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 наурызда Мемлекет басшысы меморгандардың жедел шешім қабылдауына мүмкіндік беретін Жарлыққа қол қойды.

«Қазір қастандық теориясы үшін ыңғайлы уақыт емес. Үкіметтің жаңа өкілеттіктері – қисынсыз әзіл немесе артықшылыққа ие болу емес, нағыз қажетті шара. Төтенше жағдай енгізілмей тұрып та, мемлекеттік органдардың бюджетін және олардың бағдарламаларын қаржыландыру бірнеше айға созылуы мүмкін болғанын білесіздер. Бірақ қазір бізде уақыт жоқ, мәселе күндер мен айлар туралы емес, сағат жөнінде болып отыр. Сондықтан бюджетті неғұрлым жеңілдетілген түрде қалыптастыру туралы шешім қабылданды», - деді министр «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр Үкіметке азық-түлік пен басқа да бірқатар тауарларға баға белгілеу өкілеттіктері берілгенін атап өтті.

«Мұның бәрі нарықтық экономика ережелеріне сәйкес келмейтінін жақсы түсінеміз. Бірақ өкінішке қарай, қиын кездерде кейбір кәсіпкерлердің халық сұранысы жоғары азық-түлік пен тауарлардың бағасын көтеруге тырысып жатқанын көреміз. Тіпті, бұл тауарлардың тапшылығы да жоқ», - деді Д. Абаев.


Жоғары қарай