Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр еліміздегі көлдер неге бизнес өкілдерінің басқарылуына берілетінін түсіндірді

2020 жылдың 22 шілде 2020 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда көлдер неліктен жекенің қолына берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл не үшін жасалады? Себебі жеке тұлға келген туристердің жақсы әрі жайлы демалуы үшін барлық жағдайды жасауы керек. Сонымен бірге, санитарлық гигиена бойынша базалық талаптар орындалуы тиіс», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Министр әрбір жағдайда жалға алушылар белгілі бір міндеттемені алатынын жеткізді.

«Туризмді дамыту, сонымен бірге табиғатқа зиян келтірмеу үшін жағдай жасалуы керек. Атап айтқанда Көбейтұз, Қоржынкөл, басқа да көлдерді бақылау – жергілікті атқарушы органдардың құзыреті. Әлбетте әкімдіктер тиісті жағдайды жасау бойынша дұрыс идеяны ұстанғысы келеді. Алайда жеке бизнес мемлекетке қарағанда көбірек жайлы жағдай жасайды. Оны түсіну керек. Алайда бизнестің түпкі міндеті – табиғатқа зиян келтірмеу болуы тиіс», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Жоғары қарай