Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар тарифі өзгереді

2019 жылдың 26 желтоқсан 2019 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтіек аударымдар тарифі өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі орталық филиалының директоры Асқар Мұсан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта зейнетақы бойынша жылына шамамен 52 мың өтінім, әлеуметтік төлемдер бойынша шамамен 30 мың өтінім қате аударымдарға байланысты өңделеді. Яғни, қате аударылған төлемдер жұмыс берушінің есепшотына қайтарылады. Содан кейін олар қателігін түзетіп, жұмыс беруші үшін қайтадан төлем жасай алады. Бухгалтерлер қателесетін жайттар да кездеседі. Бізге өтінім жазғаннан кейін соманы қайтарамыз. Толықтай алғанда осы жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша 10 млрд теңгені қайтарамыз. Нақты айтқанда міндетті әлеуметтік төлем бойынша - шамамен 4 млрд теңге, міндетті зейнетақы жарнасы бойынша - шамамен 6 млрд теңге жұмыс берушінің есепшотына қайтарылады. Тарифтер республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет тарапынан өтеледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Есеп комитеті тарапынан аталған тарифтерді қысқарту туралы ұйғарым келіп түскен. Соған орай тарифтер қайта қаралып отыр.

«Бұған дейін орташаландырылған тариф болатын. Енді біз бұл тарифті екі құрамға бөліп отырмыз. Яғни, банктерден қайтарылғаны үшін қанша болатынын және өтініш бойынша қанша қайтарылатынын жеке нақтыладық. Егер бұған дейін біздегі міндетті зейнетақы бойынша тариф - 403 теңге болса, ендігі уақытта ол банктерден қайтарылғаны үшін - 262 теңге және өтініш бойынша - 1 417 теңге болады», - деді Асқар Мұсан.

Жоғары қарай