Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Миллиардер Брэнсон ғарышқа ұшу кезіндегі әсерімен бөлісті

2021 жылдың 12 шілде 2021 02:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбіде ғарышқа ұшқан британдық миллиардер Ричард Брэнсон өзінің алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер маңындағы кеңістіктен ғаламшарға ашылатын көріністі ешкім елестете алмайды», - деді 11 шілдеде ғарышқа ұшқан миллиардер Ричард Брэнсон.

Бұл сапар жайлы трансляция YouTube-тегі Virgin Galactic ресми каналында жүргізілді.

«Мен ғарышқа ұшуды бала кезімнен армандадым, бірақ, шынымды айтсам, Жерге ғарыштан ашылатын көрініске толықтай дайын болу мүмкін емес. Бұл сиқырға толы керемет көрініс», - деді ол.

Қонғаннан кейін ұйымдастырылған мерекелік іс-шара кезінде сөзін бастар алдында Брансон ғарыштан алған әсерін жеткізуге сөз таба алмады.

Еске сала кетсек, 70 жастағы Ричард Брэнсон ғарышқа VSS Unity бортында толық құрамдағы экипаж мүшелерімен бірге аттанған болатын.

Бұл сапар Нью-Мексико штатында орналасқан бірінші американдық Spaceport America ғарыш айлағынан жүзеге асырылды.




Басты сөздер: Видео, Ғарыш, АҚШ,
Жоғары қарай